Будапеште «Вышеградта төрттігі мен Орталық Азия бестігі» форматында сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті - Kazakh TV

Орталық Азия мен Орталық Еуропа елдері ынтымақтастық аясын кеңейтуге ниетті. Осы орайда «Вышеград төрттігі мен Орталық Азия бестігі» форматында сыртқы істер министрлерінің бірінші кездесуі өтті. Будапешттегі келіссөздерге Қазақстан тарапы да қатысты.

ПЕТЕР СИЙЯРТО, ВЕНГРИЯНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

 - Саясат, экономика және қауіпсіздік салаларындағы серіктестігімізді одан әрі дамыту үшін, Вышеград төрттігі мен Орталық Азия елдері арасында байланыс орнату керек. Еуропаға жаңа одақтастар қажет. Қазір Еуропалық Одақ стратегиясын өзгертіп жатыр, бізге жаңа өкілдер керек. Менің ойымша, Орталық Азия аймағы біз үшін келешекте негізгі серіктесімізге айналады.

Жиынның күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелердің бірі – экономикалық әріптестікті нығайту. Сонымен қатар, «Жаңа Жібек жолы жобасының келешегі де басты назарда болды. Жиын барысында білім беру жүйесі де талқыға түсті. Қазақстан Сыртқы істер министрі «Вышеград төрттігі мен Орталық Азия бестігінің ынтымақтасты арттырудағы мүмкіндігі зор» екенін айтып өтті.

ҚАЙРАТ ӘБДІРАХМАНОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

 - Бүгін біз өзара ынтымақтастығымыздың бұдан да берік болуының маңыздылығын атап өттік. Мұндағы бастысы экономикалық байланысты тереңдету және екі жақты сауда саттықты арттыру қажет. Әсіресе энергетика, су шаруашылығы, білім саласы, сонымен қатар Орталық Азия мен Вышеград төрттігінің транзиттік көліктік әлеуетін тиімді пайдалану мәселелеріне терең мән беріп отырмыз.

Вышеград төрттігі және Орталық Азия елдерінің өкілдері министрлердің жаңа форматтағы алғашқы кездесуі сәтті өткенін айтады. Мұндай диалог тараптар арасындағы серіктестіктің одан әрі жандануына, өңірлер арасында да ынтымақтастықты арттыруға сеп болады, дейді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер