Тауарларды жеткізу уақытын қысқартып, құжат айналымын азайту. Нью-Йорктегі G-Global алаңында бірыңғай транзиттік жаһандық құжат құру жобасы ұсынылды. Халықаралық көлік одағының жетекшісі Игорь Рунов Жібек жолын қайта жаңғырту Еуропа мен Азия елдерін интеграциялау үшін маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, аса ауқымды геосаяси жобаның тарихи рөлі қайта қалпына келіп, Орталық Азия аймағындағы ірі транзиттік хабқа айналады. Сондай-ақ Игорь Рунов тұрақты қаржыландыру бойынша жаһандық серіктестіктің жаңа құрылымын құру жобасымен бөлісті.

ИГОРЬ РУНОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЛІК ОДАҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Сол себепті бүгін бірыңғай транзиттік жаһандық құжат құру жобасын ұсындық. Ол өте тиімді әрі пайдалы болмақ. Яғни бірегей құжат тауар шыққан жерде беріліп, онымен бағытталған жеріне дейін ілесіп жүреді. Әлемдік тәжірибеде мұндай әлі болмаған. Менің ойымша, бұл идеяны жан-жақты ойластырып Астанада өтетін Экономика форумында ұсына аламыз. Себебі бұл Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың және осы алаңның бастамаларымен тікелей байланысты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер