Орталық Азия жаңалықтарына шолу

https://www.trend.az/business/2859886.html

Өзбекстан мен Еуропалық қайта құру және даму банкі туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр. «Trend.az» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша,  ЕҚДБ-ның Лондондағы штаб-пәтерінде тиісті меморандумға қол қойылыпты. Құжатта инфрақұрылымды дамыту, тарихи мұра нысандарының сақталуы мен орнықты басқарылуы және оның жұмыс істеуіне, мәдени туризмді ілгерілетуге ықпал ететін жобаларды қаржыландыру мәселелері қарастырылған. АҚШ-тың Смитсон институты және БҰҰ Бүкіләлемдік туристік ұйымның ұсыныстарын негізге ала отырып Хиуа және Хорезм облысында туризмді дамытудың стратегиялық жоспары әзірленбек.

******************************************************************************

https://www.trend.az/casia/turkmenistan/2857591.html

Арал теңізі бассейніндегі елдерге көмек көрсетудің төртінші бағдарламасы басталды. Маңызды құжат Орталық Азиядағы дамуды жеделдетіп, сонымен қатар, Арал теңізі маңындағы жағдайды және ондағы өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталады. ХАҚҚ-ның іргетасын 1990 жылдары Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан елдері қалады. Қор Арал теңізін құтқару және ондағы экологиялық жағдайды жақсартуға,бірлескен жобаларды қаржыландыруға бағытталды. 10 жыл бұрын Халықаралық Аралды құтқару қорына БҰҰ Бас Ассамблеясын бақылаушы мәртебесі берілді.

************************************************************************

https://www.trend.az/casia/turkmenistan/2859512.html

Орталық-Азиялық «Trend.az» жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Түркменстан ЮНЕСКО тізіміне ұлттық кілемін енгізуге өтініш жасапты. Бұл тізімге бұрын ежелгі Мерв қаласы мен Куня Ургенч, Ежелгі Ниса секілді  тарихи және мәдени ескерткіштер кірген еді. Ал өткен жылы түркмен ұлтының ән мен би өнері адамзаттың материалды емес мәдени мұрасының өкілдік тізіміне енгізілді. Бұдан басқа, Ақалтеке жылқы шаруашылығын дамытумен қатар,  ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік табиғи мұраларының тізіміне - Койтендаг экожүйелері мен «Бадхыз» мемлекеттік қорын қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.