Өзбекстан сот жүйесін реформалап, Қазақстанның үлгісін назарға алып жатыр - Kazakh TV

Өзбекстан сот жүйесін реформалап, Қазақстанның үлгісін назарға алып жатыр. Бұл шаралар Өзбекстанның 2017-2021 жылдарға арналған даму стратегиялық бағдарламасына сәйкес 5 басым бағытқа негізделіп жүзеге асырылып отыр. Жергілікті мамандар заңнамалық база мен сот жүйесін дамыту бағытын жасауда шетелдік тәжірибені негізге алып, соның ішінде Қазақстанның үлгісіне ерекше басымдық беріпті. Еске салсақ, біздің елде «Ұлт жоспары – бес институттық реформаны іске асыруға бағытталған 100 қадамның» негізінде еліміздің сот жүйесіне бірқатар жаңалықтар енгізілді. Ал өткен жылы Өзбекстан мен Қазақстан сот төрағалары ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойған еді.

КОЗИМЖОН КОМИЛОВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Біздің елімізде алғаш рет Жоғарғы сот әкімшілік рәсімдерді қолдады, қазіргі уақытта Ташкент қаласында және аудандар мен қалаларда 207 әкімшілік сот ұйымдастырылды. Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің коммерциялық мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған 85 экономикалық соттардың қызметі жолға қойылды. Судьяларды таңдау  және жаңа лауазымға тағайындауда жоғарғы сот кеңесі құрылып, судьяларды ашық демократиялық жолмен таңдау жүргізілуде.

ЕРІК ӨТЕМБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Биылғы жылы біз бірқатар ірі инвестициялық жобаларға қол қойған сәттің куәсі болды. Оған қоса ірі халықаралық қаржы институты келді. Бұның барлығы сот жүйесі арқылы жүзеге асып жатыр. Әрбір инвестор өзіне кепілдік беретін сот қорғауын сезінеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер