Орталық Азия елдеріндегі басты оқиғаларға шолу - Kazakh TV

https://news.tj/ru/news/tajikistan/20180201/tadzhikistan-i-kirgizstan-podpisali-ryad-dokumentov-o-dvustoronnem-sotrudnichestve-v-raznih-sferah

Қырғызстан Президенті Сооранбай Жээнбековтың Тәжікстанға жасаған ресми сапары екі ел журналистерінің назарында болды. Тәжікстанның ірі ақпарат агенттігі «Азия плюс» сапардың екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға септігі тиетінін жазады. Келіссөздер нәтижесінде қол қойылған құжаттарды атап, жеке-жеке тоқталыпты. Сондай-ақ агенттік Қырғызстандағы Баткен облысы мен Тәжікстандағы Согди ауданы арасындағы 2017-2020 жылдарға арналған татулық пен достықты нығайту жөніндегі ынтымақтастық жоспары бекітілгенін баяндайды.   

******************************************************************************

http://inozpress.kg/news/view/id/52478

Орталық Азияға қатысты әлемдік БАҚ-тарда жарияланған жаңалықтарға шолу жасайтын қырғызстандық inozpress сайты Eurasia Daily басылымындағы мақалаға назар аударған. Ол АҚШ мемлекеттік хатшысының Ауғанстан және Орталық Азия мәселелері бойынша көмекшісінің орынбасары Генри Эншердің аймақ елдеріне жасаған сапарына арналыпты. Мақала авторы Вашингтонның Орталық Азияға деген қызығушылығы арта түскенін жазады. Генри Эншер Қырғызстан мен Тәжікстанда осы мемлекеттердің ресми өкілдерімен кездесуде АҚШ тарабының ынтымақтастықты тереңдетуге деген мүдделігін айқын білдірді, делінген сараптамалық мақалада.

******************************************************************************

https://liter.kz/ru/news/show/42504-kyrgyzstan_kazahstan_i_uzbekistan_mogut_sozdat_regionalnyi_komitet_po_ohrane_obekta_zapadnyi_tyan-sh

Ал қазақстандық «Литер» газеті «Батыс Тянь-Шань» сілемдерін сақтау мәселесі туралы жазады. Аталған трансшекаралық мекен Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан аумағында орналасқан. Газет тілшісінің жазуынша, ЮНЕСКО табиғи мұраларының тізіміне енген «Батыс Тянь-Шань» тау жүйесін қорғау жөнінде арнайы аймақтық комиссия құрылмақ. Оған барлық тараптардан сарапшылар мен билік өкілдері кіреді. Akipress агенттігіне сілтеме жасаған басылым/ жоба бойынша әр тарап өзіне тиесілі аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін жазған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер