Орталық Азия елдері мемлекеттік қызмет саласына инновациялар енгізуде күш біріктірмек. Астана мемлекеттік қызмет хабындағылар бұған кірісіп кетті. Хабқа Орталық Азия елдерін қосқанда барлығы 39 мемлекет мүше. Оған қатысушы елдердің қажеттіліктерін ескере отыра тиісті бастамалар қолға алынады.  Бұл үшін 2016 жылы практиктер Альянсы құрылған болатын. Биыл оның негізгі тақырыбы – электрондық үкіметті дамыту болмақ.

ӘЛИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, АСТАНА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ХАБЫНЫҢ АППАРАТ БАСШЫСЫ:

 - Биыл біз осы практиктер Альянсының екінші буынын іске қосайын деп отырмыз. Бұған енді барынша Орталық Азия елдерін де шақыратын боламыз. Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан. Осы елдермен келіссөздер жүргізіліп, алдын ала келісімдер бар. Және жақын арада, 1-2 ай ішінде келесі нақты қадамдарды талқылайтын боламыз.

Астана хабының алдына негізгі 3 міндет қойылып отыр. Біріншісі - әріптестікті нығайту. Бұдан соң тәжірибе алмасуға ден қою. Ал үшінші міндет - зерттеулер мен білім көздерін басқару.

ҚҰРАЛАЙ БАЙБАТЫРОВА, АСТАНА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ХАБЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

 - Аймақтағы мемлекеттердің нәтижелі, сәтті өткізілген реформаларын сипаттайтын кейс-стадилер дайындалады. Қазіргі кезде Астана хабының зерттеу тобы әлемдегі және аймағымыздағы мемлекеттердегі мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақы төлеу жүйелері бойынша салыстырмалы сараптама жұмысын дайындап жатыр. Жақын арада бұл еңбек те жарық көреді. 

Астана мемлекеттік хабына әзірге қатыспайтын Түркіменстан еліміздің тәжірибесін меңгеруге ниетті. Олар Қазақстанның мемлекеттік қызмет реформасымен танысу үшін  арнайы сапар жоспарлап отыр. Қызметкерлердің  әлеуетін көтеру және сыбайлас жемқорлықпен  күрес саласындағы атқарылған жұмыстар басты назарда болмақ. Делегация құрамында Түркіменстан мемлекеттік органдарының қызметкерлері болады деп күтілуде. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер