Қырғызстан Ыстықкөл аумағында бес тау шаңғы курортын салуды жоспарлап отыр. Көрші елдегі ауқымды жобалар қысқы туризм мен спортты дамытуға бағытталған. Мемлекет аумағының төрттен үш бөлігін тау алып жатыр. Ендеше аймақ тау шаңғышылары мен сноубордшыларға таптырмас орын болмақ.

АЗАМАТ ЖАМАНҚҰЛОВ, ҚЫРҒЫЗСТАН ТУРИЗМ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Қырғызстанды қысқы туризм елі ретінде танытуымыз керек. Скитур, фрирайд сынды туризмнің басқа түрлері жақсы дамып келеді. Олар үшін тау-шаңғы базаларының қажеті жоқ. Меніңше, алыс шет елдердің туристері туризмнің осы түрі қызық болатын сияқты.

Қыста туристердің Қырғызстанға қызығушылығы арта түседі. Демалушыларды 15 тау шаңғы базасы қабылдайды. Негізінен жақын орналасқан елдерден келушілер көп.

TAO ГУАНЪЯО, ТУРИСТ /ҚХР/:

 - Шынын айтсам, мен өмірімде екінші рет шаңғымен сырғанап тұрмын. Осы жерде шеберлігімді шыңдап жатырмын. Қырғызстанның курорттық аймақ екенін көп естідім. Мұнда келіп, таулары мен табиғатына ғашық болдым. 

Жыл сайын қыста Қырғызстанға 100 мыңға жуық шетелдік келеді. Республика, әсіресе кәсіпкерлер, спортшылар, экстремалды демалысты сүйетіндер және ғалымдар үшін аса тартымды. Сондықтан туризм ел экономикасының негізгі саласы десек те болады. Табиғи ресурстарға бай Қырғызстанның аймақтық және халықаралық деңгейде туризмді дамыту әлеуеті орасан екені анық.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер