Душанбеде «Орталық Азия қосу Жапония» диалогының XXII сессиясы өтті. Тәжікстан Республикасының веб-сайтында жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Жапония делегациялары, жоғары лауызымды азаматтар мен сыртқы істер министрлері қатысты деп жазылған. Бұл кездесу Орталық Азия елдерінің өзара қарым-қатынасын жақсартуға бағытталады және Жапониямен аймақтық ынтымақтастық мүмкіндіктерін арттыруға, серіктестіктің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік болады. Айта кетейік, «Орталық Азия қосу Жапония» диологы аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мақсатында 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. 

http://www.uza.uz/en/education/welcome-afghan-friends-23-01-2018

Өзбекстанда шамамен 100 ауған студенті білім алады. Олар Өзбекстан Республикасы Жоғары және арнайы орта білім министрлігінің қолдауымен ашылған Ауған студенттерін оқыту орталығында оқиды. Онда заманауи қондырғылармен жабдықталған халықаралық стандарттарға сай келетін зертханалар, ақпараттық-ресурстық орталықтар бар. Өзбекстанның Ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ауғанстан студенттері екі жыл ішінде өзбек тілін және әдебиетін оқытуға бағытталған педагогикалық білім алады. Ауғанстанда 7 миллионға жуық өзбек азаматы тұрады. Ондағы орталықта өзбек тіліндегі мамандар тапшы, мектептер мен балабақшаларға мұғалім жетіспейді. Өзбекстан Республикасы болашақта  теміржол көлігі, энергетика және басқа да салаларда білікті мамандар даярлауды жоспарлап отыр.

http://www.telegraph.co.uk/travel/maps-and-graphics/most-religious-countries-in-the-world/

Британдық «The Telegraph» басылымы әлемдік діни картаны жариялады. Басылымның мәліметінше, Орталық Азия елдері ішінде діни наным -сенімді берік ұстанатын ел Тәжікстан болып шыққан.  Өзбекстан бұл статистикада төмен көрсеткіште тұр. Рейтинг 2008, 2009 және 2015 жылдардағы сауалнама деректеріне негізделген. Халықтың діни сауаттылығын тексеретін сауалнамада Тәжікстан 85 %, Түрікменстан - 80%, Қырғызстан - 72%, Қазақстан - 64% -ды көрсеткен. Ал, Өзбекстан халқының 51%-ы өздерін дінге сенушілер қатарына жатқызады екен.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер