Алдағы екі жылда Орталық Азия елдерінің экономикалық өсімі артады

Алдағы екі жылда Орталық Азия елдерінің экономикалық өсімі артады

Алдағы екі жылда Орталық Азия елдерінің экономикалық өсімі артады. Халықаралық валюта қорының 2018-2019 жылдарға арналған баяндамасындағы деректерге сүйене отырып, осындай тұжырым жасауға болады, дейді қазақстандық сарапшылар. Қор болжамына сәйкес, аймақ мемлекеттерінің негізгі бөлігі кіретін ТМД аумағында биыл 2,2 пайыз деңгейінде өсім байқалады. Ал 2019 жылы Достастық көлеміндегі ЖІӨ 2,1%-ға өседі.

АЙЖАН МҰҚЫШБАЕВА, ӘЛЕМДІК САЯСАТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА ИНСТИТУТЫНЫҢ  ЖЕТЕКШІ САРАПШЫСЫ:

 - Мысалы, Қазақстан, Түркіменстан соның ішінде Өзбекстанды айта кетуге болады. мұнай, газ экспорттайтын елдерде экономикалық өсімнің артуы, ол қазіргі уақыттағы шикізат  нарығындағы мұнай-газ сатылымдағы, жалпы бағаның оң көрсеткіштері. Мына 60 доллар көлеміндегі мысалы 1 баррель мұнайға 60 доллардың сақталуы сол әсер етіп отыр.

Халықаралық валюта қоры 2018-2019 жылдары жалпы әлемде экономиканың өсуі 3,9 пайыз деңгейінде болады болжап отыр.