«Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жолының құрылысы туралы келіссөздер жаңа кезеңге жетті

«Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» темір жолының құрылысы Ташкенттегі жұмыс топтарының үшжақты келіссөздер қарсаңында жаңа кезеңге жетті. Қазір Қырғызстан аумағындағы екі транзиттік маршрут мәселесі талқыланып жатыр. Бішкек тарапынан ұсынылған нұсқа –жолдар мен электр желілері бар учаскелер қоныстанған аймақтың ұзындығы 430 шақырым болады. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі 2015 жылы әзірленген. Құрылыс құны 5 млрд долларға дейін бағаланған. Ал Қытай тарапынан ұзындығы 280 шақырым  болатын мартшурт жобасы ұсынылды. Маршруттың алып жатқан аумағы қысқа және артық шығынсыз. Құрылыс сомасы үш жарым млрд долларға жетеді. Қырғызстан сарапшылары екі жаққа да тиімді бағытты нақтылап, сәуір айына дейін қорытындысын шығарады. Құрылысты қаржыландыру мәселесі қытайлық инвесторлар есебінен күтіледі.

ҚАНАТБЕК ӘБДЫКЕРІМОВ, «ҚЫРҒЫЗСТАН ТЕМІР ЖОЛ» МК ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Аталмыш жобаны жүзеге асыру арқылы болашақта транзиттік жолды қамтамасыз етеміз. Қырғызстанда солтүстік-оңтүстік теміржолын салып, бірыңғай теміржол желісін құрамыз.  

Еске сала кетейік, 90 –шы жылдары Қырғызстанның көлік желісінде ақау болды. Республиканың солтүстігі мен оңтүстігі тау жоталарына бөлінген, сондықтан теміржолдар көршілес елдер арқылы өтеді. Көлік желісінің оңтүстіктегі дәлізі «Орталық Азия- Ауғанстан-Иран- Түркия» бағыты бойынша Қытайдан Еуропаға транзиттік байланыс орнатуға мүмкіндік береді. 2020 жылға қарай кең ауқымды көлік желісінің құрылысын бастау жоспарланды.