Қытай компаниялары Бішкек пен Ош қалаларына «Қауіпсіз қала» кең ауқымды жобасын жүзеге асыруға қатысады. Қытайлық  телекоммуникация бойынша алпауыт «Хуавей»  - Қырғызстан үкіметімен келісімге қол қойды. Жоба аясында Орталық Азияның екі ірі қаласының 70 қиылысына фото-бейне жазба жабдығы орнатылады. Осыдан екі жыл бұрын жол қозғалысы ережесін бұзғандарға айыппұл мөлшері екі есеге артқан еді. Бірақ бұл заңның әсері болмай өткен жылы Қырғызстанда жол көлік оқиғасы 81 пайызға өсіпті. Сонымен қатар, Қырғызстан Молдова компаниясымен «Қауіпсіз қала» жобасын жүзеге асыруға тырысты, алайда келіссөздер сәтсіз аяқталды. Ендігі инвесторлар Қытайдан шақырылды. «Хуавэйдан» басқа, Пекиннің «Линсинь кэпитэл мэнеджмент» және «Ака минералз энд майнинг» атты үш компаниямен уақытша келісім жүргізді. Енді Қытай инженерлері Қырғызстанға бейнежазба жабдықтарын орнатып, қаңтар айының соңында жұмысқа кірісіп, бір жарым жыл ішінде аяқтауға ниетті. Жобаның жалпы құны 60 млн доллардан асады. Жабдықтарды орнатып, іске қосқаннан кейін Қырғызстан тарапы оны бес жылға дейін тең үлестермен төлейді. 

САПАР ИСАКОВ, ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

 - Біз бұл жобаны айыппұлдардан ақша табуға жұмсамаймыз, бірақ адамның өмірін сақтап қалуға барымызды саламыз. Біз халықаралық нарықта дәлелденген өте үлкен компаниямен жұмыс істейміз.  Бұл компанияның жүйесі әлемнің басқа қалаларында да танымал.

СЯО ЦИНХУА,  ҚЫТАЙДЫҢ ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

 - Қытай көрші Қырғызстан елінің тұрақты дамуына бағытталған жобаларды әрдайым қолдауға ниетті. Ондағы халықтың жағдайын жақсартуға көмектесеміз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер