Қазақстан Президентінің АҚШ-қа ресми сапары әлемдік БАҚ назарын аударды. АҚШ-тың «Вашингтон пост» (Skrin_Tramp) және «Уолл-стрит Джорнэл» (Skrin_WSJ)  басылымдары кездесу барысында қос басшының қауіпсіздік, сауда және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаласқанын жазды. Сонымен қатар, қол қойылған коммерциялық келісім шарттарды да атап өткен. Басылымдар екі мемлекет 2018 жылы энергетикалық стратегия аясында техникалық кеңестерді бастауға уәде бергенін жазады.

(Skrin_diplomat) Нұрсұлтан Назарбаевтың Америкаға сапары туралы ақпарат Азия-Тынық мұхиты аймағындағы The Diplomat  басылымына да жарияланды. Онда Вашингтон Астананы болашағы бар стратегиялық әріптес ретінде анықтағаны жазылған. Жалпы алғанда АҚШ Қазақстанды Орталық Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздік кепілі деп санайды.

Мақалада: «Қазақ елі - Корей түбегіндегі ахуалды реттеуге   әсер ете алатын бірден бір мемлекет. Кеңес үкіметі ыдыраған тұста Қазақстан өз еркімен ядролық қарудан бас тартты. Сондықтан ресми Астана ядролық арсеналын дамытуды көздейтін  Иран мен Солтүстік Корея сынды елдерге ақыл-кеңес беруге толықтай құқылы» делінген.

(( Kazakhstan is a valued partner in our efforts to rid the Korean peninsula of nuclear weapons. Kazakhstan’s voluntary surrendering of the world’s fourth largest nuclear arsenal shortly after independence gave the country the “moral right” to talk to countries seeking nuclear weapons, such as Iran and North Korea. ))

(Skrin_The Hill_YSPR) Америкалық The Hill басылымына АҚШ-тың Мемлекет хатшысы көмекшісінің бұрынғы орынбасары Дэвид Меркельдің Нұрсұлтан Назарбаевтың Америкаға ресми сапары жөніндегі мақаласы жарияланды. Сарапшы Қазақстан Президентінің Орталық Азиядағы басшылығы туралы тарқатып жазыпты. Автор БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде жаһандық және аймақтық мәселелерді шешуде біздің еліміздің төрағалығына айрықша мән береді.

Мақалада: «Президент Назарбаевтың Вашингтонға сапары, сондай-ақ,  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына төрағалық етуі бұл ел Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қысқа мерзімде қаншама биікті бағындырғанын көрсетеді» делінген .

«President Nazarbayev’s visit to Washington, as well as his chairing a meeting of the United Nations Security Council, demonstrates how far this country has come in the brief time since gaining its independence».

(Skrin_ria) (skrin_tass) Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары да Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту жолында қол жеткізген уағдаластықтар туралы хабарлап жатыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер