ЕАЭО-қа мүше елдердің жаңа Кеден кодексі тауарларды шығару мерзімін алты есеге қысқартады. Бұрын кеденде құжат рәсімдеу бір күнге созылатын, қазір төрт сағаттан аспауы керек. Құжат электронды технологияға толығымен бағытталған және кедендік операцияларды оңтайландыруға арналған. Әлемдік тәжірибе бойынша жаңа кедендік рәсімдеу жүйесі кәсіпкерлердің 30 пайыз шығынын үнемдеуге мүмкіндік береді. Дегенмен, осы инновацияны қолданатын елдер сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың толыққанды бағасына ие болмаған. Мысалы, Қырғызстанда жаңа ережелерге көшу кезінде бірқатар қиындықтар туындапты. 

ИВАН ГЕЛЕТЮК, КЕДЕН БРОКЕРЛЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Уақыт өте келе біз техникалық мүмкіндіктер бойынша, атап айтқанда ақпарат жекізу бойынша қаншалықты артта қалғанымызды түсінетін боламыз. Өйткені құжат өте көп. Олардың мазмұны өте күрделі. Сондықтан бағдарлама оны кейде қабылдамай жатады.

Жаңа кеден кодексі тек Қырғызстанда ғана емес, ЕЭАО-ның барлық елдеріндегі кәсіпкерлер арасындағы жедел құжат айналымына тұсау болып отырған түйткілдерді тарқатып, бірқатар кемшіліктерді жоюы керек. Мәселен, тауар жеткізушілер мен алушылардың электрондық сандық қолтаңбасы болған жағдайда біраз операцияны интернет арқылы жүргізе алады. Сонымен қатар, салық органдарының есепке қажетті ақпараттарды  электронды түрде алуға мүмкіндік туады. Жаңа кодекс кәсіпкерлерді өздерінің сату нарығын кеңейтуге шақырады

ГУЛЬНАРА УСКЕНБАЕА, ҚР ТАУАР ЖЕТКІЗУШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Егер сіз өндіруші болсаңыз, кедендік төлемдер үшін белгілі бір жеңілдіктер қарастырылады. Бұрынғы кедендік құжатта жеңілдік тек кедендік брокерлерге ғана жасалды да сақтандыру мөлшерлемесі барлығына бірдей болды. Ал қазір тауар өндірушілер үшін бұл көрсеткіш төмендетілді. Бұл тиімді болмақ. 

Десе де, сарапшылар барлық жүйе бір ретке келтірілген соң жаңа кодекс толыққанды жұмыс істейтінін жеткізді. Мысалы, Қырғызстандағы Иркештам өткізу бекеті Қытаймен шекаралас жатыр. Мұнда электронды байланыс орнап, интернет желісі қарқынды жұмыс істеген соң, тәулік бойы шекарадан тауар өткізуге мүмкіндік болады, кедендік құжаттарды жылдам рәсімдеуге қол жеткізеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер