2017 жылы Орталық Азия елдерінің жалпы экономикалық өсімі 4 пайыздан асты - Kazakh TV

2017 жылы Орталық Азия елдерінің жалпы экономикалық өсімі 4 пайыздан асып жығылды. Бұл еуропалық қайта құру және даму банкінің жүргізген зерттеу жұмысының  қорытындысы. Өткен тоғыз айда 2016 жылдың дәл сол мерзімімен салыстырғанда аймақтағы мемлекеттердің даму қарқыны  айтарлықтай  артқандығы байқалады. Мамандар былтыр экспортаушы елдердің  шикізаттық тауарлар көлемінің ұлғайюын ондағы өндірістің еселенуі және мұнайдың әлемдік бағасының өсуімен байланыстырып отыр. Бұл орайда Тәжікстан мен Қырғызстанның көрсеткіштері жоғарылаған. Бұған аталмыш мемлекеттердегі алтын мен көмір және мата өңдеу істері іргесінің кеңейтілуі  өз септігін тигізген. Орталық Азия елдерінің ұлттық валюталарының тұрақталуы да жалпы экономикалық жағдайға оң әсер еткен. Халықаралық қаржы институтының бағалауынша 2018 жылы аймақтың экономикалық өсімі орта есеппен 4,4 пайызды құрайды деп болжануда.  

АЙЖАН МҰҚЫШБАЕВА, ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:

 - Тәжікстан, Қырғызстан сияқты елдерде, ол Ресей экономикасындағы оң өзгерістер әсер етті. Себебі, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің азаматтары Ресейде жалпы еңбек етеді. Яғни Ресей экономикасының өсуі сол елдерде еңбек мигранттарының қаржы ақша аударымдарын көбеюіне әсер еткен болатын. Өзбекстандағы елбасшысы ауысуынан кейінгі сыртқы саясаттағы либерализациялану саясаты басқа елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуы жалпы экономиканың жаңа бір серпін алуына көмектесті. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер