2018 жылы Орталық Азия елдерінің экономикалық әлеуеті арта түспек

2018 жылы Орталық Азия елдерінің экономикалық әлеуеті арта түспек

2018 жылы Орталық Азия елдерінің экономикалық әлеуеті арта түспек. Аймақтағы жалпы экономикалық көрсеткіш 3 % өседі деп күтілуде. Сарапшылардың болжамына сүйенсек, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан мемлекеттерінің биылғы даму деңгейі жоғары болмақ. Бұл орайдағы серпіліс 6 % дейін жетуі мүмкін. Ал, Қазақстан мен Қырғызстанның экономикалық көрсеткіштерінің артуы  орташа деңгейді құрайды.  Дүниежүзілік банк оны шамамен 3 %-ға бағалап отыр. Биыл Орталық Азия елдерінде күтілетін саяси-экономикалық өзгерістер мен аймақтың өзгеде тың жаңалықтары туралы Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің төрағасы Ерлан Қарин бөлісті.

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

-  Биыл жалпы экономикалық даму көрсеткіштері қалыпты деңгейде болады. Бұған бірінші кезекте сыртқы факторлар әсер етпек. Энерготаратқыштардың бағасы өскенімен айтарлықтай шарықтай қоймайды. 1 барель мұнайдың құны 50- 55долар шамасында болады деп болжап отырмыз. Қара алтынның бағасы осы  шамада сәл төмендеуі мүмкін. Бұл сауда-экономикалық саясатты бірізге салып, тұрақты түрде дамыта түсуге  мүмкіндік береді.  

Отандық сарапшылардың айтуынша 2018 жылы Орталық Азия елдерінің өзара ынтымақтастығы  жандана түседі.  Тараптардың арасындағы жаңаша интеграциялық үрдістер әр салаға жағымды ықпалын тигізеді. Аймақтағы экономикалық байланыстардың көкжиегін кеңейу қамында халықаралық деңгейдегі самиттер мен форумдар ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ биыл Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары бас қосады деп жоспарлануда.    Мамандар соңғы 13 жылда тұңғыш рет өткелі тұрған жиында шекаралас елдердің экономикалық әлеуетін жан-жақты арттыратын түрлі бағыттардағы әріптестік келісімдер жасауға басымдық беріледі деп отыр.  

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Аймақтық әріптестік екі жақты әрі кетсе үш жақты түрде қарқынды деңгейде жүретінін айта кету керек. Мәселен келісімдер Қазақстан мен Өзбекстан,Өзбекстан –Қырғызстан немесе Қазақстан-Қырғызстан, Қазақстан-Өзбекстан-Түркменістан мемлекеттері арасында ғана жасалуы мүмкін.

Еліміздің халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің аймақтағы негізгі оқиғаларының тізіміне өзгеде маңызды бағыттар еніп отыр. Олардың қатарында демографиялық, электоралды үрдістер мен сандық, ақпараттық технологиялық салалардың дамуы және Орталық Азия мен Ауғанстандағы қауіпсіздік пен аймақтағы су тапшылығы  мәселелері  қамтылған.  Сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуі, Қытайда өтетін Шанхай Ынтымақтастық ұйымы мүшелерінің саммиті бар.