Орталық Азия елдерінің өзара сауда-саттығы артады

Орталық Азия елдерінің өзара сауда-саттығы артады

Орталық Азия елдерінде осы жылдан бастап экономикалық ынтымақтастық арта түспек. Ең алдымен, тауар айналымын мейлінше ұлғайту жоспарланып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл үрдіс Қазақстан мен ЕЭО арасындағы жаңа кедендік кодекстің нәтижесінде жеңіл болады. Енді Еуразия құрлығының шекарасында тауарларды декларациялау операциялары азайып, құжаттарды рәсімдеу электронды жүйеде жүзеге асырылады. Сондай-ақ қаржы және уақыт шығыны азайтылады. Сарапшылардың пікірінше, жаңа кедендік кодекстің нәтижесі тауарды рәсімдеу, оны жөнелту  процестерін жеңілдетіп, халықаралық саудаға тың серпін бермек.

ҒОСМАН ӘМРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қазақстан Орталық Азия аймақтарына халықаралық сауда айналымын жүргізу үшін барын салатыны анық. Біз транзиттік байланыстың негізгі бөлігі саналамыз.

Қазақстан – транзиттік маңызды әлеуетке ие, халықаралық көліктік ағындарды қолдаудың қуатты құралы саналады. Біздің ел Орталық Азия республикалары мен еуропалық елдер арасындағы сауданы кеңейту мүмкіндіктерін ашады. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның жаңа

ДИНА МАМАШЕВА, «АТАМЕКЕН» ҰКП ӨКІЛІ:

 - Қазақстанның кедендік декларацияға көшуі, Орталық Азия елдерінің кедендік қызметіне толығымен әсер етеді. Бұл сауда бизнесінің біздің рейтингіміздің өсуіне әсер ететініне және бәсекеге қабілеттілігімізді арттыратынына сенімдіміз.

ГЕНАДИЙ ШЕСТАКОВ, ҚАЗАҚСТАН КЕДЕНДІК БРОКЕРЛЕР АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Орталық Азия елдері арасында Қазақстанның беделі айқын. Біздің еліміздің дамуына көңіл аударып,  тәжірибесімен бөлісіп, іске асыруға асығып отырған елдер көп. Олар біздің елмен сауда экономикалық байланысты нығайтуға тырысады. Өйткені, біздің енгізген жаңа кедендік кодексте шығындар мен уақытты үнемдеуге, тауарлар айналымын жеделдетуге арналған көптеген мүмкіндіктер бар. Мұндай экономикалық тиімділік барлық елдердің сауда-саттығына оң өзгерістер әкелері анық.

Айта кетейік, сарапшылар  кедендік процедураларды жеңілдету Орталық Азия аймағындағы интеграциялық үдерістердің жандануына, дамуына септігін тигізеді, дейді.