2018 - Өзбекстанда кәсіпкерлікті қолдау жылы

2018 - Өзбекстанда кәсіпкерлікті қолдау жылы

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев 2018 жылды «Белсенді кәсіпкерлікті қолдау, инновациялық идеялар мен технологиялар» жылы деп жариялады. Ол халыққа арнаған жолдауында кәсіппен айналысамын деген азаматтарға қолдау көрсетіп, ел ішіндегі қаптаған патрульдік посттардың жабылуын талап етті. Сонымен қатар, құзырлы органдарға кәсіпкерлік субъектілерді шамадан тыс тексеруге тыйым салды. Мемлекеттік қызметкерлерді қағазбастылықтан арылуға шақырды. Енді бұрынғыдай мемлекеттік басқаруды орталықтандырмай, кадр мәселесі мен өңірдің дамуына әкімдер тікелей жауапты болмақ. Елдегі кәсіпкерліктің жандануына Еуропалық қайта құру және даму банкінің 15 жобаны қаржыландыруға несие бөлуі де оң ықпал етпек. Келер жылы  халықаралық қаржылық ұйым  мен өзбек елінің сауда өнеркәсіптік палатасы шағын және орта бизнесті дамыту бағытында қоян-қолтық жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Шавкат Мирзиёев жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында Орталық Азия елдері арасында  Қазақстан Еуроодаққа жол ашатын, стратегиялық серіктесі екенін ерекше атап өтті. Енді екі ел арасында логистикалық байланыс нығайып, теміржол мен көлік қатынасы артпақ.

АКМАЛ РАХМАНОВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОЛИЙ МАЖЛИС ДЕПУТАТЫ:

 - Қазақстанмен арадағы стратегиялық байланысымыз және Орталық Азия елдері ішіндегі  өзара ынтымақтастықта еңбек етуіміз ең маңызды мәселелердің бірі. Бұл жерде депутаттық корпус, Парламенттік байланыс, жергілікті депутататар мен атқарушы орган өкілдері арасындағы бірлік тікелей халықтың әл ауқатын арттыруға бағытталған. Сондықтан бейбітшілік пен ел арасындағы тыныштық көптеген жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға негіз болады.