«Жібек жолының экономикалық белдеуі»  жобасын іске асыру Орталық Азия аймағына оң әсерін тигізбек. Қытай Халық республикасының Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Лю Цзянпин осындай ойда. Оның айтуынша, бұл бастама елдердің теңіз жолдарына шығуына мүмкіндік бермек. Ал мұның арқасында  мемлекеттердің сауда мүмкіндіктерін толыққанды жүзеге асыруға жағдай жасалады. Осылайша, экономикалық өсімді арттыру мүмкін  болмақ. Сондай-ақ Қытай бастамасы Орталық Азия елдерінің экспорттық-импорттық шығындарының азаюына мүмкіндік береді. Жібек жолының экономикалық белдеуін бірлесе жүзеге асырудың арқасында тиімді көліктік-коммуникациялық байланыс құрылады. Бұл тұста Орталық Азия елдерінің рөлі ерекше. Қазіргі таңда «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасына әлемнің 60-тан астам елі қатысады.

ЛЮ ЦЗЯНПИН, ҚХР-НЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ УАҚЫТША СЕНІМДІ    ӨКІЛІ:

 - Орталық Азия елдері біздің ең жақын көршілеріміз, байланысымыз берік. Біз бұл елдермен бірге бес бағыт боййынша жұмыс істеудеміз. Ең алдымен, тығыз саяси байланыс орнаттық. Кейін сауда, көлік, қаражат және халықтар арасында байланысты нығайтылды. Яғни «Бір белдеу-бір жол» аясында бес бағыт бойынша бірлескен жұмыстарды жүзеге асырудамыз. Бұл әріптестіктен Қытайдың да, Орталық Азия елдерінің де ұтары мол.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер