Қырғызстан азық-түліктің сапасын бақылауды реттейтін арнайы заң қабылдайды

Қырғызстан азық-түліктің сапасын бақылауды реттейтін арнайы заң қабылдайды

Қырғызстан азық-түліктің сапасын бақылауды реттейтін арнайы заң қабылдайды. Бүгінде жергілікті өндірушілер ветеринарлық медицина, денсаулық сақтау немесе техникалық реттеу секілді түрлі заңдарға сәйкес жұмыс істейді. Атап өтерлігі, Қырғызстан – Еуразиялық Экономикалық Одақтағы азық-түлік қауіпсіздігі туралы заңы жоқ жалғыз мемлекет. Со себепті жергілікті денсаулық сақтау министрлігі бірыңғай заң жобасын құруды ұсынды.

АЙНУР АКМАТОВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ:

 - Бұл заң жобасы шетел инвесторлары Қырғыз Республикасы мен кәсіпкерлерімізді серіктес ретінде қарастырғанда тауарларымыздың сапалы екеніне сенімді болуы үшін қажет. Сол себепті бұл жобаға сай бірегей жүйе және бірегей нормативті-құқықтық акт қажет.

Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігі туралы заңның болуы Еуразиялық экономикалық одақтың міндетті талабы. Ал, қатал салалық стандарттары мен техникалық регламенттері негізгі шарттардың бірі болып табылады. Түпкі мақсат – өнім сапалы, тұтынушы үшін қауіпсіз болуы шарт. Сарапшылардың айтуынша, заң жобасын құрудан бөлек, Еуразиялық заңнаманы тиімді жүзеге асыруға көмектесетін инфрақұрылымның болуы да маңызды.

ЖАКИН АКИМАЛИЕВ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Бізде халықаралық стандарттарға сай төрт зертхана бар. Ал, негізі, кемінде жиырмаға жуық болу керек. Ірі қара малдың сәйкестендірілуін жақында аяқтаймыз. Ал, басқа жануар түрі ше? Бізде алты миллион қой мен ешкі, жарты миллион жылқы, шошқа және құс бар. Алдағы жылы кем дегенде екі сәйкестендіруді аяқтауымыз қажет.

Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң жобасы арқылы тауар жарамсыз болған жағдайда, оның өндірушісі, сапасын анықтаған мекеме, тіпті өсірілген аймағы жайлы ақпар алуға болады. Сондай-ақ Еуразиялық Экономикалық Одақ елдері үшін өнімнің сапасы стандарттарға сай болуы маңызды. Осылайша, заңның қабылдануы азық-түлік қауіпсіздігін арттырып, жергілікті сапалы тауар өндірісін дамытуға сеп болмақ.