Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердің бір-бірімен ықпалдаса жұмыс істеуі оң өзгерістерге жол бастайды.  БҰҰ  Бас хатшысының арнайы өкілі  Наталья Герман осы пікірді алға тартады. Оның айтуынша, бұл Орталық Азия елдері арасындағы аймақтық қарым-қатынасты жақсартып қана қоймай  мемлекеттердің әлеуетін арттыра түсуге ықпал етеді. Халықаралық сарапшы Орталық Азия елдеріндегі мемлекет басшыларының   күш біріктіруі мен  ортақ көзқарасы көптеген мәселелердің түйінін шешетініне сенімді. Сондай-ақ  Наталья Герман  Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан елдерінің әлем бойынша алар орны ерекше екенін атап өтті. 

**************************

Бішкекте өткен инвестициялық форумда Орталық Азия сауда палатасын құру мәселесі талқыланды. Бизнес өкілдерінің айтуынша, аталмыш форумның мақсаты – 60 миллионнан артық тұрғыны  бар Орталық Азия нарығына қызығушылығы жоғары  инвесторларды тарту, оларға толыққанды ақпарат беру. Орталық Азия сауда палатасы бизнеспен ынтымақтастықты нығайтып, қолдау көрсететін елдермен байланысты күшейте түспек. Алдымен жобалардың болашағын, бағыты мен бағдарын айқындап алмақ.  Ал сауда палатасы бұл жұмысты атқаруға нағыз қолайлы алаң болғалы тұр.

*************************

Орталық Азия елдерінің арт-менеджерлері  аймақтағы мәдениет пен өнер саласының өзекті мәселелерін бірлесе шешпек. Бұл туралы Бішкекте өткен форумда белгілі болды. Бірлескен жобаларды жүзеге асыратын көшбасшылар желісін қалыптастыруға бағытталған жиын  нағыз пікірталас алаңына айналды.  Орталық Азияның арт-менеджерлерінің мәдени форумы Гёте институты, Швейцария ынтымақтастық кеңсесі және ЮНЕСКО-ның қолдауымен өтті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер