«Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасында Орталық Азия елдері маңызды рөлге ие

«Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасында Орталық Азия елдері маңызды рөлге ие

«Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасында Орталық Азия елдері маңызды рөлге ие. Шыңжаң педагогикалық университетінің зерттеу орталығының жетекшісі Чжу Шисун осындай пікірде. Оның айтуынша, осы аймақ арқылы өткен тарихи cауда жолы халықтар байланысының үлгісі бола алған. Қазіргі таңда Орталық Азия елдерінің бұл ынтымақтастық жобасына қатысып, өнеркәсіп саласында байланыс орнатуы көне бағытты жандандыруға жол ашпақ. Мұның арқасында Қытаймен сауда-экономикалық әріптестікті тиімді жалғастыруға болады. Бұл әріптестіктің нығайып келе жатқандығын көрген қытайлық компаниялар аймаққа инвестиция бағыттауға ниет танытып отыр, -дейді сарапшылар.

ЧЖУ ШИСУН, ШЫҢЖАҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

– Бұл тұста дәстүрлі энергетика мен пайдалы қазбалар ғана емес, қаржы-несие саласы, логистика, ақпараттық технологиялар, төлем жүйелері мен 4G және 5G коммуникациялық технологиялары қарастырылуда. Дәл осы салаларға инвестиция бағытталатын болады. Логистикаға келер болсақ, Ляньюньган Қытай порты мұндай әріптестікке әзір. Орталық Азия аймағының көптеген елдері теңізге шыға алмайды. Сондықтан біздің көлік-логистикалық жүйеміздің ұштасуы Орталық Азия мемлекеттеріне Азия-Тынық мұхит аймағының  дамыған экономикалар нарығына шығуына мүмкіндік береді.

Сарапшылардың айтуынша, қазіргі таңда Орталық Азия аумағында әр елдің ғана емес, нарықтың қажеттіліктерін де ескеру қажет. «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасы осы тұста көмек болмақ. Ол мемлекетаралық байланысты нығайтып, тараптардың әрқайсысы үшін қолайлы жайдай жасайды,-дейді мамандар.