АҚШ Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі. Осы ретте жаһандық көзқарастарымен ерекшеленетін Қазақстанмен әріптестікке баса мән беріліп отыр. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаметінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша жоғары лауазымды өкілі Элис Уэллс мәлім етті. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі құрамындағы Қазақстанның бастамалары аймақтағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған дейді ол.

ЭЛИС УЭЛЛС, АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕПАРТАМЕТІНІҢ ОҢТҮСТІК ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БОЙЫНША ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ ӨКІЛІ:

 - Біз Қазақстанның бастамаларына риза болдық. Олар привентивті дипломатия мен қақтығыстардың алдын алуға, Таяу Шығыс пен Ауғанстанның Орталық Азиямен қарым-қатынасына бағытталған. Қазақстанның, Ауғанстанның алдында тұрған мәселелерді терең түсінуге арналған қадамдары өте уақытылы. Біз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақтағы тұрақтылықты сақтауға назар аударып отырғанын бағалаймыз.  Менің ойымша Қазақстан ядролық қаруды таратпау, қауіпсіздік, Сирия немесе басқа да әлемнің кез-келген нүктесінде бейбітшілік үшін күресіп жүрген ел ретінде жалпы Орталық Азияда жаһандық көзқарасымен ерекшеленеді. Қазақстан - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланған алғашқы Орталық Азия мемлекеті. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер