Орталық Азия елдерінің Астана, Алматы, Ташкент және Бішкек қалалары ТМД бойынша қысқы саяхат бағыттарының үздік ондығына енді. ТурСтат агенттігі ресейлік туристердің жаңажылдық демалыс үшін таңдайтын басты бағдарлар тізімін анықтады. Нәтижесінде белгілі болғанындай, көршілеріміз қыс кезінде Алматыдағы Шымбұлақ және қырғызстандық Қаракол, Өзбекстандағы Шымған тау-шаңғы кешендерін таңдайтын болып шықты. Осылардың ішінде 2017-2018 жылдардың қыс айларында Шымбұлақ шипажайына онлайн брондау көбірек. Орта есеппен адамдар бұндай шипажайларда 7-10 күн демалады. Бұдан бөлек, статистика Шымбұлақтың бәрінен қымбат екенін де анықтады. Бір күнге бір адамға тамақ пен жатын орын 100 долларға шығады. Ал ең арзаны – Ташкент маңындағы Шымған. Ол жақта бір күн демалатын адам 65 доллар төлейді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер