Биыл Орталық Азия мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының құрылғанына 25 жыл. Осы орайда Ташкентте бауырлас бес елдің басшыларының қатысуымен халықаралық ғылыми конференция өтті. Басқосуда 200-ге жуық сарапшы мен әлемнің қаржы ұйымдары және ғалымдары ширек ғасырда жиналған тәжірибемен бөлісті. Су ресурстарын бірлесіп пайдалану мен басқару шаруаларын пысықтады. Арал теңізі бассейінін қалпына келтіру, экологиясын жақсарту, суды үнемді пайдалану сынды тақырыптар да талқыға түсті. Су шаруашылығын үйлестіретін орталықтың қарқынды жұмыс істеуінен Сырдария мен Әмудария сағасында орналасқан елді мекендерде ауыл шаруашылық саласы дамып келеді. Аталмыш конференцияда Өгем өзенінен ауыз су алу мәселесі де өз шешімін тапты.

ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

 - Қазақстанның оңтүстік облысындағы Шардара, Мақтарал ауданы мынау Шымкент қаласының Сарыағаш ауданына қажетті ауыз су мәселесін келісіп шешу, «Өгем» өзенінен біз өзіміздің еншімізді бүгін міне нақты шештік. Алдыңғы уақытта соған қажетті іс шараларымызды жасап сол елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толық шештік. Бұл да осы комиссияның бір үлкен жетістігі деп санауға болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер