Орталық Азия елдерінің шежірелі мәдениеті заман ағымына сай түрленіп, дамудың жаңа кезеңіне көшеді. Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстанның арт-менеджерлері қоғамды рухани азықтандырудың тың жолдарын бірлесіп іздеуге мүдделі. Елдердің заманауи өнер майталмандары жақында өзара ынтымақтастық жөнінде жасасқан меморандум осыны меңзейді. Құжат түбі бір халықтардың мәдени байланыстарына қан жүгіртіп, ұлттық  құндылықтарды сабақтастыруды көздейді.

ШЫНАР ЖӘНІБЕКОВА:

 - Осы жылдың қараша айында Бішкек қаласында Орталық Азия елдерінің арт-менеджерлерінің алғашқы форумы өтеді. Онда тәжірибе алмасып, бірлескен жобалардың жай-күйі талқыланады. Бізге ғана тән бірегей мәдени индустрияны қалыптастырудың кешенді бағдарламасы құрылады. Орталық Азия халықтарының өзге құрлықтардағыдай мәдени бренді болуы тиіс. Нәтижесінде қалыптасатын заманауи мәдени ортаға қоғам көзін үйрету керек.

Бүгінгі таңда Орта Азия елдері материалдық және рухани мұраны сақтай білген, ұлттық болмыс пен санасы өрістеп, дамыған өркениетті мемлекеттер санатында. Халық шығармашылығы мен заманауи мәдени технологиялық үрдістердің қайсысында болмасын дәстүрлі нақыш үлгілері байқалып тұрады.

КҮЛӘЙША АҚТАЕВА, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

 - Орталық Азия мемлекеттері мәдениеттерінің ерекшелігі біріншіден әрине ол әр халық өз тілін, өзінің мәдениетін және әдебиеті болсын, музыка, көркем сурет, қолданбалы өнер сынды мұрасын сақтап бүкіл әлемге көрсете біледі. 

Аймақтағы арт-менеджерлердің де көздегені осы – көненің көзі болып келетін мәдени мұраның ұлттық құндылықтарын сақтай отыра, жаһандану заманының жаңа белесіне шығу. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер