Қазақстан, Түркменстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлері мемлекеттік шекаралардың түйісу нүктесі туралы келісімге қол қойды. Құжат БҰҰ-ның қолдауымен Самарқандта өткен Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық конференцияда қабылданды.

Сөйтіп Өзбекстан және Түркіменстан мемлекетімен шектесетін шекарамыздың қиылысу нүктелері айқындалды. Бұл бауырлас елдер арасындағы халықаралық-құқықтық тіркеудің бір кезеңін аяқтауға мүмкіндік бермек

ҚАЙРАТ ӘБДІРАХМАНОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

 - Бұл–Орталық Азия үшін тарихи құжат. Себебі үш мемлекет шекараларын құқықтық жағынан рәсімдеуін аяқтады. Бұл мәселе мемлекеттік құру және еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты.

Самарқанда өткен конференцияға Ауғанстан, Иран елдерінің сыртқы істер министрлері, Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Фредерика Могерини, Шанхай ынтымақтастық, ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымдарының, ТМД, БҰҰ өкілдері қатысты. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев бестіктің тұрақты дамуы үшін сауда-экономикалық, гуманитарлық және логистикалық байланысты жақсарту жағын атап өтті. Сондай-ақ, Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық форумын құруды ұсынды.

ШАВКАТ МИРЗИЕЕВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Түбінде адамдар арасындағы қарапайым, ашық байланыс аймағымызда достық пен өзара түсіністікті және тұрақтылықты күшейтудің ең сенімді жолы болып тұр.

Сыртқы қауіпсіздік пен татулық ұлттық және өңірлік деңгейде тұрақты дамуға негіз болады. Сондықтан достық пен байланыс бірінші кезекте деп атап өтті, форумға қатысушылар. Ең маңыздысы – көрші елдермен тиімді серіктестік жасау. Орталық Азия республикалары ортақ әлеуетті бірлесе күшейтуге болатынын дәлелдеп те отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер