Ыстамбұлда әлемнің 700-ге жуық іскер топ өкілдерінің басқосуымен «Экспорт апталығы» халықаралық форумы өтті. Айтулы шараға елімізден бір топ кәсіпкер қатысты. Жиында Түркияның Премьер-министрі Бинали Йылдырым мемлекеттер өзара сауда жасап, табысты арттыруы үшін арадағы экспорттық кедергілерді жою қажеттілігіне тоқталды. Форум аясында қазақстандық кәсіпкерлер шетелдік әріптестерімен іскерлік байланыс орнатып, өзара тәжірибе алмасуға келісті. Отандық іскерлерді құрылыс, ауыл шаруашылығы, фармацевтика мен жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жаңашылдықтар қызықтырды.

АСҚАР АБУБАКИРОВ, ОҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біз осы 3 күннің нәтижесінде нақты контрактілердің тізімін өзімізге сүйемелдеуге аламыз. Бүгін біз осы форумға қатысып, индустриалды аймақтарға шығып, олардың тәжірибесін зерттейміз. Сонымен бірге 2-3 біздің кәсіпорындар бар. Солармен кездесіп, біздің кәсіпкерлерді біріктіріп, өзімізге қойылған кәсіпкерлік талаптарды орындауымыз керек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер