Бразилияда Еуразиялық экономикалық кеңестің жергілікті Меркосурмен ынтымақтастық бағдарламасы әзірленуде. Латын Америкасы елдерін ортақ нарыққа біріктірген МЕРКОСУР құрамына  Аргентина, Уругвай, Парагвай және Бразилия кіреді. Ол агроөнеркәсіп кешенінен бастап ядролық және ғарыштық саладағы қызметтерге дейін қамтымақ.

ИЗАИАС ЖУЛИО СОРРЕНТИНО, САРАПШЫ:

 - Расында, Бразилия қазір Еуразиялық экономикалық одақпен ортақ жобаларды қарастырып жүр.  Осы бағдарламаларды 2018 жылдан бастап жүзеге асыруды көздеп отырмыз. 

Саясаткерлер екі бірлестіктің ынтымақтастығы жөнінде 2014 жылы айта бастаған. Сол кезде одақты дамытудың негізгі бағыттары мен жолдары белгіленді. 2015 жылдың тамыз айында өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. Осы мақсаттағы жол картасында негізгі басымдық ауыл шаруашылығы саласындағы зерттеулер мен кадр алмасуға және ядролық энергетикаға бөлінді.

ИЗАИАС ЖУЛИО СОРРЕНТИНОСАРАПШЫ:

 - Әрине алдымызда тұрған басты қиындықтар бұл - арақашықтық пен жұмыс істеу дағдымыздағы айырмашылық. Дегенмен, мұның бәрі оңай шешілетін мәселе. Болашақта бірлескен процесстердің бәрін реттейтінімізге сенімдімін. Бұл тек одақ арасында ғана емес, оның құрамындағы жеке елдер арасындағы ынтымақтастыққа да септігін тигізеді.

Сочиде өткен Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің мәжілісінде ғарыш саласында бағдарлама әзірленіп жатқаны айтылды. Ғалымдар пайдалы қазбалар мен метереологиялық зерттеулерге арналған бүкіл ұлттық бағдарламалардың өзара байланысу жүйесін қалыптастыруға тиіс. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің кеден басшылары Вьетнаммен ақпарат алмасу жөніндегі жаңа серіктестік құруға келісті. 2018 жылдан бастап ақпаратпен электронды түрде алмасу халықаралық сауда процестерін жеңілдетіп, осы келісімнің мүмкіндіктерін барынша тиімді қолдануға жол ашады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер