Жапонияда дәмхана қожайыны сарымсақтан кофе дайындау әдісін ойлап тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net-ке сілтеме жасап.

74 жастағы аспазға бұндай ой 30 жыл бұрын келген екен. Ол өзінің алаңғасарлығынан және дәмханада адамның көптігінен стейкті сарымсақ тұздығында көп ұстап, күйдіріп алады. Сосын ол күйген сарымсақты ыстық суға салып қояды. Жаңағы сарымсақ қосылған судың дәмі кофеге ұқсайтынын байқайды, тек ащы.

Бірақ ол кезде бұл сусынға аса мән бермейді, тек зейнеткерлікке шыққан соң ғана сарымсақ қосылған сусыны еске түседі.

Қазір ол кәдімгі кофе секілді дайындалатын ұнтақталған сарымсақ өндірісін қолға алған. Бірінші сарымсақты қуырып алып, содан кейін ғана ұнтақтау керек. Сусыннан сарымсақтың иісі шығып тұрады, бірақ сарымсақ қуырылғандықтан оның дәмі болмайтын көрінеді.

«Мен ұсынып отырған сусынның құрамында кофеин жоқ. Кофені жақсы көретін адамдар тіпті түнде де іше алады. Сонымен қатар жүкті әйелдер құрамында кофеин бар деп кофеден бас тартып жатады, бұл сусынның құрамында кофеин болмағандықтан жүкті әйелдерге де іше беруге болады», - дейді кәсіпкер.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер