Қытайдың Сиань қаласында Еуразиялық экономикалық форум өтті. Осымен 7 рет ұйымдастырылған ауқымды шараға әлемнің 76 елінен 4 мыңға жуық өкіл жиналды. Жиынның мақсаты – «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында жүзеге асып жатқан халықаралық жобалардың әлеуетін арттыру. Форум барысында Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев бірқатар кездесулер өткізді. Мәселен, Шэньси провинциясының губернаторымен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасын өзара ұштастыру мәселелерін талқылады. Қазақстан өңірлері мен Шэньси провиницясының ауыл шаруашылығы, ғылыми-техникалық, транзиттік-көліктік саладағы әріптестігі бойынша бұрын жасалған келіссөздерді пысықтады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер