Бүгінде Қарсақ қаласында 250 мыңнан астам бауырларымыз тұрып жатыр. «Бабалар ізімен» экспедициясы бұл өлкеге арнайы ат басын бұрып, өткен тарихқа бір шолу жасады. Будапешттен 200 шақырым жердегі Қарсақ қаласында негізінен қыпшақтар қоныстанған. Тарих беттерін парақтар болсақ, олар әуелі біздің даладан, кейін Дешті-Қыпшақ жері – Қара теңіздің теріскей өлкесінен бүгінгі Еуропа аумағына қоныс аударған. Қарсақтағы осы мұражайда Шығыстан батысқа ауған біздің бабаларымызға қатысты құнды жәдігерлер бар.

 

МИКЛОШ МОЛНАР, НАДЬ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біздің ойымызша, он бесінші ғасырдан бастап, қыпшақтар мажарлармен қандары толықтай араласып кетті. 0340 Екі жүз мың қыпшақ осы жерде күн кешіп жатыр, олардың бәрі өздерін қыпшақпыз деп есептейді.

Бұл түркітанушы, ғалым Иштван Мандоки Қоңырдың ескерткіші. Ол саналы ғұмырында мажар мен қазақтың мәдени қарым-қатынасының дамуына сүбелі үлесін қосты. 30 тілде еркін жазып сөйлей білген ағартушы Қазақ елінен Еуропаға келген мажар қыпшақтары туралы көп еңбектер жазды.

 

САПАР ЫСҚАҚОВ, «БАБАЛАР ІЗІМЕН» ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКІШІСІ:

 - Ол менің бабаларымының отаны деп Қазақстанға келіп, түгел Қазақстанды аралап, одан кейін бұрынғы қыпшақтардың тұрған Дешті қыпшақты түгел аралап, Татарстан ,Башқұртстан, Солтүстік Кавказ, қарашай, балқарларды құмықтарды түгел аралап, өзінің бабаларының ізімен біраз жерді аралап, мәдениетін зерттеген болатын.

1745 жылы қыпшақтар қоныстанған осы аумақты құн төлеп түпкілікті түрде сатып алған екен. Мажарлар мен мұндағы қыпшақтардың тарихы тығыз байланысты. Ел үкіметі 2014 жылдан бастап 6 мамырды қыпшақтар күні деп жариялаған. Облыстық кеңестің төрағасы Шандор Ковач президент «Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани жаңғыру бастамасы тек қазақ жұртына емес, күллі түрік әлеміне қажет бағдарлама»,-дейді

 

ШАНДОР КОВАЧ ЯС-НАДЬКУН, СОЛНОК ОБЛЫСЫ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Рухани жаңғыру секілді бағдарлама біздің елде де өз жалғасын тауып отыр. Тарихын білмеген халық, тамыры жоқ терек сияқты. Сондықтан, тарихты тереңнен қазбалау, оны бүгінгі ұрпаққа жеткізу өте жауапты іс. Қазақстанмен арадағы байланысты тарихи тұрғыдан дамытуға ат салысуға әрдайым дайынбыз.

Қазақ пен мажардың рухани, тарихи байланысын зерттеуді мажарлық ғалымдар қолға алған. Этнография институының ғылыми қызметкері Дәуіт Шомфай Қара, тіптен қазақ тілінде еркін сөйлейді.

 

ДӘУІТ ШОМФАЙ, МАЖАРСТАН ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫ ЭТНОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Ең мықты әскерлер қыпшақтар болатын. Бір кездері моңғолдар келеді. Ол туралы көп айтылмайды. Телебұға мен Ноғай хан Мажарстанды жаулап аламыз деп. Ол кез тарихта көп айтылмайды. Ол кезде қыпшақтар мажармен бірге қосылып, екі елдің күшін біріктіріп Ноғай ханды қуып шығады венгрдан.

Бұл секілді ашылмаған тарихи деректер жетерлік. Мажарлық ғалымдар қазақстандық тарихшылармен бірігіп, зерттеу жұмыстарын жандандыруға әзір. «Бабалар ізімен» экспедициясы жергілікті тұрғындардан генетикалық сынама алды. Ол Мажарстандағы қыпшақтардың біздің ұлтпен қаншалықты жақын екенін енді ғылыми түрде дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер