Қазақстанның әлемдік қауіпсіздікке қосқан үлесі туралы Бейжіңде өткен бейбітшілік форумында айтылды. Алқалы жиынға «Халықаралық қауіпсіздікке төнген қатерге жауап: бірлескен әрекет, жауапкершілік пен қайта құру» тақырыбы арқау болды. Екі күндік келелі кеңесте белді сарапшылар мен саясаткерлер тың ойларымен бөлісті.

 

ХАМИД КАРЗАЙ, АУҒАНСТАННЫҢ БҰРЫНҒЫ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Ауғанстан, Пәкістан тіпті таяуда террорситер шабуыл жасаған Иран ғана емес, қазір Еуропа елдеріне, Ұлыбритания, Францияға да қауіп төнді. Сондықтан әлемдік державалар бірлесіп әрекет етуі керек.

Бүгінгі күні әлемдік қауіпсіздікке төнген қауіп көп. Экономикалық тұрақсыздық, терроризм және қарулы қақтығыстар. Осылармен күресте адамзат табандылық танытуға тиіс, дейді сарапшылар. Олар әлемдік тұрақтылықты нығайтуға қосқан  Қазақстан үлесін ерекше атап өтті. Сирия мәселесін реттеудегі Астана процесінің өткізілуін жоғары бағалайтынын айтты.

 

У СЫКЭ, ҚЫТАЙДЫҢ ТАЯУ ШЫҒЫС ЖӨНІНДЕГІ  АРНАЙЫ ӨКІЛІ:

 - Қазақстан – Орталық Азияның бейбіт дамуында маңызды рөл атқаратын елдің бірі. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі тікелей Қазақстанның бастамасымен құрылды. Таяу Шығыстағы келіспеушілікті сейілтуде белсенді жұмыстар атқарып келеді. Көптеген кедергілерге қарамастан, Орталық Азия, Шығыс Азия және Таяу шығыс елдері арасында белсенді үйлестіруші елге айналды.

 

ЛУ ГАНЬ, ШАНХАЙ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ XАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Президент Н. Назарбаевтің басшылығында Қазақстанның бейбітшілікке қосқан үлесі әлем елдеріне  үлгі болуға лайық. Сондықтан Қазақстан бүгінде көптеген мемлекеттің қолдауы мен сеніміне ие болды. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында Қазақстан бейбітшілікке зор үлес қосқан шешім қабылдап, жаппай қырып-жою қаруынан бас тартты. Осылайша ядролық қарудың таралуына нүкте қойды. Сондықтан әлем халқы Қазақстанның осы батыл шешімін ұмытпауы керек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер