Ғаламдық даму жолдары, Шанхай ынтымақтастық және БРИКС ұйымдарының алдағы дамуы. Санкт-Петербургте өткен халықаралық экономикалық форумда осы тақырыптар талқыланды. Ауқымды шараға 130 елден 12 мыңға жуық маман мен ірі компаниялардың өкілдері және мемлекет басшылары, үкімет жетекшілері жиналды. Форумның бір бөлігі Еуразиялық интеграцияға арналды.

 

ТАТЬЯНА ВАЛОВАЯ ЕЭК МАКРОЭКОНОМИКА ИНТЕГРАЦИЯСЫ МИНИСТРІ:

 - Былтыр Қазақстан ЕАЭК-тің төрағасы болды. Ол кезде басты тақырып үшінші тараппен сауда-экономикалық байланысты кеңейтіп, аймақтағы өзге ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнату болды. Қазір Еуропалық одақпен арадағы іс-әрекет маңызды болып тұр. Біздің сауда-саттықтың тең жартысы әлі күнге дейін еуропалық одаққа тиесілі.

 

Қазір қызу талқыға түсіп жатқан тақырып: «Бір белдеу – бір жол» жобасы. Себебі үлкен Еуразия құрлығында 105 мемлекет бар. Мұнда жер бетіндегі халықтың төрттен үші тұрады. «Қазақстан Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшесі ретінде, әрі Ұлы жібек жолының бойында жатқандықтан, транзиттік тұрғыда үлкен роль атқарады»,- дейді сарапшылар. Жоспар бойынша, Қытайдан Еуропаға қатынайтын 1700 пойыздың 1200-і Қазақстан арқылы өтеді.

 

ШТЕФАН ФЮЛЕ, САРАПШЫ:

 - Әлем картасына қараған кез-келген адам Қазақстанның бұл жобада маңызды рол атқаратынын біледі. Біз қазір саяси әрі сауда-саттық көпірін салып жатырмыз. Қазақстан да үлкен жоба аясында интеграциялық үдеріске үн қосып, өз көпірін іске қосады. Қазақ елі жоғары деңгейде қауқары қандай екенін көрсетіп, табысты жұмыс істеп жатыр. Бұл жобаның сәтті жүзеге асуына септігін тигізетін болады.  

 

ТАТЬЯНА ВАЛОВАЯ, ЕЭК МАКРОЭКОНОМИКА ИНТЕГРАЦИЯСЫ МИНИСТРІ:

 - Қазақстан бұл іске белсенді араласып жатыр. Жалпы бұл жобаның өзі қазақ жерінде жария болғанын айта кету керек. Біз ерте ме кеш пе, Еуразияның құрлықтағы экономикалық кеңістікке айналатынына сенімдіміз. Сондықтан тең тұрғыда осы бағытқа қарай қадам басуымыз керек.   

Сонымен қатар, жиында ТМД-ның экономикалық дамудағы болашағы мен энергетика мәселелері де талқыланды. Петербург халықаралық форумы аясында энергетикалық компаниялар басшыларының саммиті де өтті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер