Астана ЕХРО халықаралық көрмесінде Бельгияның «Си-Эм-Ай Групп» компаниясы инновациялық электр станциясын ұсынады. Ол күн коллекторлар жиынтығы бойынша жұмыс істейді. Компанияның негізгі бағыты – энергетикалық тиімділік және қоршаған ортаны қорғау. «Біздің жоспар - экологиялық таза технологияларды пайдалана отырып, жаңартылған энергия көздерін барынша дамыту. Бұл – «Қазақстан-2050» стратегиялық жоспарына да сай келеді дейді»,- компания жетекшісі.

 

ЖАН-МИШЕЛЬ ГЕРАРДС,  «CMI - ENERGY» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Біздің компания қатысатын болғандықтан, EXPO көрмесінің басталуын асыға күтіп отыр. Заманауи технология мен жаңа қуат көздері – болашақ энергетика саласындағы ноу-хау үшін мінсіз алаң болып табылады. Осы тақырып аясында бар біліктілігімізді көрсететін болғандықтан, қызығушылығымыз жоғары. Астанадағы көрмеде біз күн электр станцияларының шағын моделін орнатамыз. Келушілер мен әлеуетті клиенттер оның жұмыс принциптерімен және артықшылықтарымен  таныса алады.

Украиналық компаниялар да EXPO-да электр қуатын өндіретін жалюзи, пассивті үй, күн концентраторларын, инновациялық жел турбиналарын және басқа да көптеген жобаларды көпшілік назарына ұсынбақ. Оның ішінде, Украина мен Қазақстанда қойылған жел құрылғылары мен ТМД-дағы жалғыз мультимегаватты құрылғы өндірісіне куә болуға болады.

 

ЮРИЙ ШЕВЧЕНКО, КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ:

 - Жақында біз екі-үш мегаваттық жел құрылғыларын нарыққа шығардық. Мұндай қуат көзі ТМД аумағында ең алғаш рет қолданылайын деп отыр.

Әзірге мұндай өнертабыстар көп емес. Бірақ бизнес саласында болашағы бар жоба саналады. Мамандардың пікірінше, Украина алдағы он жыл мұғдарында энергия саласында үлкен серпіліс жасайды.

 

ИВАН ПЛАЧКОВ, УКРАИНА ЭНЕРГЕТИКА АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Бізде қазір толық мөлшерде жүзеге асырылмай жатқан жобалар бар. Ал көрме соларды дамытуға мүмкіндік болмақ. Менің ойымша көптеген халықаралық энергетикалық компаниялар, әсіресе Қытай, Үндістан және Қазақстан елі біздің  өнімдерге қызығушылық танытатын болады. 

Украинаның баламалы қуат көзін қажетті деңгейге жеткізу үшін шамамен 12 млрд доллар қаржы керек. Бұл инвестицияның бір бөлігіне EXPO кезінде қол жеткіземіз деп үміттенеді.

 

СЕРГЕЙ САВЧУК, УКРАИНА ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Кем дегенде дайын 25 жобамыз бар. Баламалы энергетикадағы бір жобаның құны 10 миллион доллардан басталады. Яғни, әрбір жобамыз өз инвесторын табатын болса, онда ол қосымша тағы 5-10 миллион доллар қаржы тартуы мүмкін.

Сондай-ақ,Украина 15 маусым – Ұлттық мерекесі аясында қонақтар мен қала халқына керемет ойын-сауық бағдарламасын ұсынбақ ниетте. Қазір дайындықты «Евровидениені» ұйымдастырушы топ қолға алған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер