Қазақ музыкасы қоржынына талай құнды туындылар қосып, дарынды шәкірттер тәрбиелеген Хабидолла Тастановқа арналған кеш өтті. Композитор Алматы консерваториясының «халық музыкасы» факультетінің алғашқы түлегі, оқу орнының «домбыра» сыныбы бойынша тұңғыш профессоры болған.  Ол артында «Қазақ биі», «Алатау аясында», «Толғану», «Қуанамын» сынды құнды шығармалар қалдырды. Кеш барысында Астана қаласы филармониясының қазақ оркестрі олардың бірқатарын орындады. Музыканттар Хабидолла Тастановтың ерекше, өзіндік қолтаңбасы бар деп отыр.

 

ЖАНАР ЖҮСІПОВА, АСТАНА ФИЛАРМОНИЯСЫ ҚАЗАҚ ОРКЕСТРІНІҢ КОНЦЕРТМЕЙСТЕРІ:

 - Шығармалары өте әсем, нағыз біздің қазақ оркестріне арналып жазылған. Бұл кісінің шығармаларын кішкентай кезімізден ойнадық. «Алатау аясында» деген қобызға арналған фортепианоның сүйемелдеуімен, әбден қанымызға сіңген романстары, шығармалары көп.

 

ҚАРАСАЙ САЙЖАНОВ, КОМПОЗИТОР, Х.ТАСТАНОВТЫҢ ШӘКІРТІ:

 - Хабидолла Тастанов ағамыз менің әкемдей болды. Мен ол кісіде 9 жыл оқыдым. Домбыраға мектеп жазған , Оркестрді қалай ұйымдастыру керек деген кітап жазған ғұлама адам ғой. Өзі композитор, өзі домбырашы. Сол кісіден көп нәрсе үйрендік. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер