Моңғолияда құрастырмалы ойыншық киіз үй сатылымға шықты - Фото

Моңғолиялық «Naad» бренді пластиктен жасалған ойыншық киіз үйлерді сатылымға шығарды, деп хабарлайды Reactor.

«Naad» брендінің негізін қалаушылар келер ұрпаққа мұра етіп қалдыру және көшпенділер мәдениетін бүкіл әлемге паш ету мақсатын көздейтін бұл жобаға үш жыл бойы зерттеу жүргізіп, осы айдың басында ғана алғашқы өнімдерін шығарған. Пластиктен жасалған құрастырмалы ойыншықтар MiMo деген атаумен шығарылуда.

MiMo – бұл киіз үйдің 11 есе кішірейтілген нұсқасы. Салмағы 1 кг-ға жуық (900 грамм) ойыншық жалпы 225 элементтен тұрады. Ал, ойыншықтың қорапшасы халықаралық стандартқа да сәйкес келеді.

Моңғолияда құрастырмалы ойыншық киіз үй сатылымға шықты - Фото

Моңғолияда құрастырмалы ойыншық киіз үй сатылымға шықты - Фото

"Моңғолияға келген әрбір шетелдік турист киіз үйге кіріп көргісі, тамашалағысы келетіні жасырын емес. Оларды көбіне киіз үйдің жалпы құрылысы және тұрмысқа икемділігі қызықтырады. Сол себепті біз туристерге және келер ұрпаққа арнап ойыншық-конструктор құрастыруды қолға алдық. Біздің негізгі мақсатымыз – ойыншықтарды сатып пайда табу емес, көшпенділер мәдениетін әлемге таныту”, – дейді «Naad» брендінің негізін салушы Саиханбаяр.

Моңғолияда құрастырмалы ойыншық киіз үй сатылымға шықты - Фото

Моңғолияда құрастырмалы ойыншық киіз үй сатылымға шықты - Фото

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер