Оңтүстік Корея оқушылары қазақ ертегілерін оқитын болады. Осы ел үкіметі мен Орталық Азия мемлекеттері мәдениет министрліктері арасындағы келісім бойынша жинақ дайындалуда. Топтамаға қазақ ертегілері де енгізілген. Оқулық Сеулдегі Қазақстан елшілігінде көпшілікке ұсынылды. «Жаңа жылды қай мезгілде қарсы алу керек?»-деп аталатын туындының авторы – Дүйсен Кеңес Оразбекұлы. Ал сүреттермен әрлеген кореялық сүретші Чон Хен Джин. Оның айтуынша оған ертегілердің мазмұны ұнаған. Әсіресе қазақ жұлдыз жорамалы туралы шығарма өте әсерлі дейді ол. Өйткені қазақша жыл санау жүйесі Кореяда да бар. Ертегілер жинағы жиырма бес мың дана тиражбен шығады. Кітаптар оңтүстіккореялық мектеп кітапханаларына таратылады.

 

ЧОН ХЕН ДЖИН, СУРЕТШІ:

 - Біріншіден мен эскиз, сосын көлемді фигураны жасайымын. Оны сүретке түсіріп компьютерде коллаж істеймін. Осылай иллюстрация пайда болады. Осы кітапты оқып мен Наурыз туралы бірінші рет естідім. Ол біздің күн күнтізбесі бойынша жаңа жылға ұқсайды. Наурызда қандай тағам жасалатынын да осы кітаптан білдім. Барыспен танысу мені таңғалдырды. Бұрын осы жануарды мен көрген жоқпын. Сондықтан ол туралы деректерді интернеттен таптым.

 

Ал Бакуде қазақ тілінің орталығына келушілер қазақ тілінде сөйлесіп, қазақ мәдениеті жайлы пікірталас өткізіп, ұлт ұлыларының шығармаларымен танысуда. Олар қазақ тіліндегі туындыларды әзірбайжанша сөйлетуді әдетке айналдырған. Орталық осы кезге дейін тәржімаланған Абайдың жырлары мен қара сөзінен жинақ жасады.

 

ФАТИМА ДУРСУНОВА, ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

 - Негізінен Абайдың поэмалары мен жырлары сонау кеңес кезінде аударылды. Ал бұл жолы біз тікелей қазақ тілінен тәржімалағымыз келеді. Кеңес дәуірінде бұл шаруаны құнттайтын мамандар болмады. Ал қазір қазақшадан әзірбайжанша аударатын адамдар бар. Осы орталыққа Қазақстанның Әзірбайжандағы елшілігінің көмегі тиіп, Абайдың жинағын шығарып отырмыз.

 

Одан бөлек, «Қыз жібек» лиро-эпосы да әзірбайжан тілінде жарық көрді. Аударма авторы Рамиз Әскердің айтуынша еңбек екі елде де қолдау тапты. Кітап тіпті Қазақстан президенті кітапханасының сөресіне қойылған.

 

РАМИЗ ӘСКЕР, ПРОФЕССОР:

 - Кітап ішінде мәтінді екі тілде де бердік. Оқырман салыстырып көрсін. Өзінше байыптап алсын. Әдеби аударма қалың жұртшылыққа жақты деп отырмыз. Кітапта қазақ халқының бұрнағы өмірі керемет көрсетіліп, тарихының жай-жапсары жазылған. Өткен жылы тәржіманы тәмамдам, өз қаржыма жарыққа шығардым. Сосын кітапты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдадым. Аз уақыттан кейін ол кісі маған жауап жазды. «Бұл еңбегің менің кітапханымның төрінен орын алады»,- деді.

 

Орталықтағылар «қазақ әдебиеті өзге тілдерге аударылуы тиіс. Екі ұлт бір-бірінің әдеби мұраларын етене білсе, ел аралық достық та нығая түсер еді», - дейді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер