Қазақстан - болашағын ойлаған ел. Мұны елде енгізіліп жатқан Экономикалық жаңғыртудың үшінші кезеңі  аясында көзделген  негізгі бағыттардан  көруге  болады.  Орталық Азия және Қазақстанмен ынтымақтасу бойынша Еуропарламент  делегациясының  басшысы Ивета Григуле осындай ойын білдірді.

 

ИВЕТА ГРИГУЛЕ, ЕВРОДЕПУТАТ, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНМЕН ЫНТЫМАҚТАСУ БОЙЫНША ЕП ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Қазақстан – болашағын ойлап, жетістіктерін талдап, 2050 жылға дейін одан да жақсы нәтижелерге жету жолдарын қарастырған ел. Жас мемлекет дамыған 30 елдің қатарына кіруді көздейді. Бұл бағыт, әрине, табыстарға жетелейтін жол. Қазақстан президенті - болашаққа бастайтын көпір салып, ертеңгі күнін алдын ала ойлаған басшы. Бұл тұрғыда саяси жүйені, экономика мен кадрларды ырықтандыру - елдің дамуы үшін жасалып отырған басты қадамдар дер едім.

 

Адами капиталды жетілдірместен, «Жаңғырту 3.0» жолдауының міндеттерін жүзеге асыру мүмкін емес, дейді сарапшылар. Кәсіподақтар федерациясының өкілдері медиация жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізген жөн деп отыр. Бұл үшін федерация жанынан әлеуметтік бітімгерлік жөніндегі кеңес құрылды. Ол қоғамдағы тұрақтылықты сақтап, еңбек нарығын жаңғырту арқылы адами капиталды жетілдіруді қолға алмақ.

 

ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Көптеген бүгінгі күні келіспеушіліктер болады. Аптаның ішіндегі жұмыс қысқарып жатыр. 50 пайыз өтемақысын алып үйде отырғандар бар. Қазіргі мәселе ең бірінші – сотқа жүгірмей, өзіміз шешуіміз керек. Кәсіподақ жұмыс берушімен мекемелерде.

 

Бастамашылар тәуелсіз пікірталас алаңының дау-дамайларды шешуге барынша жағдай жасайтынына сенімді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер