Энди Уорхол салған бұрынғы ҚХР төрағасы Мао Цзэдун портреті Sotheby's аукционында 98,5 миллион гонконг долларына (12,69 миллион АҚШ доллары) сатылды, деп хабарлайды Kazinform.

Алғашында аукцион ұйымдастырушылары портрет үшін 11,6-15,5 миллион АҚШ долларын алуды жоспарлаған. Портрет 1973 жылы салынған. Кенептің өлшемі 127 және 106,6 сантиметр. Оны акрил бояуымен және кенепке жібекбаспа әдісін қолдану арқылы әзірлеген, деп жазды РИА Новости. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер