Берлиндегі мұражайлардың біріне ұры түсіп, әлемдегі ең үлкен алтын монета қолды болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл саф алтыннан құйылған жәдігер. Ол әлемдегі ең құнды валюта ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Әлем бойынша бұл жәдігердің тек бес данасы ғана бар. Салмағы 100 кг, номиналдың құны 1 млн Канада доллары болғанмен, зергерлер оны 4 млн еуроға бағалап отыр. Ұрының аса қымбат әрі ауыр затты қалай алып шыққаны әзірге белгісіз.

«Ұрлық таңертең болған. Қылмыскерлер саты арқылы терезеден мұражай ішіне кіріп, монеталар көрмесіне өткен. Олар тек осы монетаны алуды көздеген. Монетаны қоршап тұрған қалың әйнек ұрыларға еш кедергі бола алмаған», - дейді Берлин қаласы полициясының өкілі Винфрид Венсель.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер