24 номинация бойынша «Оскар» жүлдесі өз иегерлеріне табысталды.

«Ең үздік режиссер» номинациясы бойынша «Оскар» марапаты «Ла Ла Ленд» фильмі үшін Дэмьен Шазеллге табысталды.

«Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясы бойынша «Оскар» «Манчестер у моря» фильміндегі рөлі үшін Кейси Аффлекке табысталды. 

«Ең үздік әйел бейнесі» номинациясы бойынша «Оскар» марапаты «Ла-Ла Ленд» фильміндегі рөлі үшін Эмма Стоунға табысталды.

«Ең үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскар» марапаты  «Лунный свет» фильміне табысталды.

Екінші пландағы «Үздік ер адам» номинациясы бойынша «Оскар»  «Лунный свет» фильміндегі рөлі үшін Махершала Алиге тиесілі.

«Оскар» марапатында «Үздік грим және шаш үлгісі» номинациясын «Отряд самоубийц» фильмі жеңіп алды.

«Ең үздік костюм» номинациясы бойынша «Оскар» марапаты «Фантастические твари и где они обитают» фильміне бұйырды.

«Үздік дыбысты өңдеу» номинациясы бойынша «По соображениям совести»  фильмі жеңімпаз атанды.

«Ең үздік дыбыс монтажы» номинациясы бойынша «Оскар» марапаты «Прибытие»  фильміне табысталды.

«Үздік деректі фильм» номинациясы бойынша «О. Джей: Сделано в Америке» фильміне «Оскар» табысталды.

«Екінші пландағы ең үздік әйел бейнесі» номинациясы бойынша «Ограды»фильміндегі рөлі үшін Виола Дэвис «Оскар» марапатының иегері атанды. 

«Ең үздік шет тіліндегі фильм» номинациясы бойынша «Оскар» марапаты «Коммивояжер» фильміне табысталды.

«Ең үздік қоюшы-суретшінің жұмысы» номинациясы бойынша «Оскар» марапаты «Ла ла ленд» фильміне тиесілі.  

«Ең үздік анимациялық фильм» номинациясы бойынша «Оскар» марапаты «Зверополис» фильміне табысталды.  

«Ең үздік қысқаметражды анимациялық фильм» номинациясы бойынша «Оскар» марапаты «Песочник» фильміне бұйырды.  

«Ең үздік визуалды эффект» номинациясы бойынша «Оскар» марапаты «Книга джунглей» фильміне табысталды.  

«Ең үздік монтаж» номинациясы бойынша «Оскар» марапаты «По соображениям совести» фильміне табысталды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер