Алғаш рет инновациялық-экологиялық көлік жұрт назарына бір жыл бұрын CES 2016 көрмесінде ұсынылған еді. Әуеде қалықтайтын көлікті Қытайдың Ehang компаниясы жасап шығарған, деп жазады Baq.kz.

Жолаушыларды діттеген жеріне таситын көліктің жаңа түрі Дубайда қашан пайдалануға берілетіні әзірге белгісіз.

«Автономды ұшу аппараты» немесе AAV қысқа қашықтықтарға еш қиындықсыз ұшып барады. Такси-дрон толығымен электр энергиясымен жұмыс істейді және ұшқышсыз-ақ ұша береді. Тапсырыс беруші сенсорлы экран арқылы баратын жерін таңдағаннан кейін автономды жүйе навигацияның арқасында жолаушыны қажетті жеріне жеткізіп салады.

Жүйе кенеттен істен шықса, такси-дрон апатқа жол бермес үшін жақын маңдағы алаңға барып қонады.

Әзірге жаңа көлікпен ұшу бағасы қанша екені белгісіз.

«Ұшу аппаратын басқару үшін клиенттерге ешқандай да жүргізуші куәлігі қажет емес. Оның үстіне уақыт та біршама үнемделеді. Сондықтан жаңа көлік қала тұрғындары арасында зор сұранысқа ие болады деген сенімдеміз», - дейді Дубайдың Жол және көлік басқармасының өкілдері.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер