Картинки по запросу

Facebook әлеуметтік желіде тарату үшін жеке «телевизиялық шоуын» дайындап жатыр, деп хабарлайды Baq.kz.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, бұл үшін компанияға MTV арнасының басшысы Мину Лефевр көмектеседі. Ол Facebook-тің Калифорниядағы штаб-пәтері Менло-Парк үшін арнайы бағдарлама құрастырады.

«Жақында Facebook-ті дамыту бойынша басшы ретінде жаңа саяхатымды бастаймын, сіздермен қуана бөлісемін», — деп жазды Лефефр әлеуметтік желідегі парақшасында. Енді ол Марк Цукербергке «ерекше контент құруға көмектесетін команданың құрамында» болады.

Бұл өзгерістің барлығын Facebook телевизиядағы пайданы өзіне алу үшін жасап отыр деп жазады Bloomberg. Агенттіктің хабарлауынша, компания видео өндіру үшін режиссерлер және киностудиялармен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер