Картинки по запросу студенты ЕНУ

Қазақстанда 2016/2017 оқу жылында 130 жоғары оқу орны жұмыс істейді, деп хабарлайды Baq.kz.

Студенттердің жалпы саны – 477 074 адамды құрады. Меншік түріне қарай ЖОО-лардың 47-сі мемлекеттік болып табылады, оларда 217180 адам немесе жалпы студенттердің 46,0% оқиды.

Мемлекеттік білім гранттарының және білім беру тапсырысы есебінен 140261 адам білім алуда, бұл студенттердің жалпы санының 29,4% -ын құрайды, ақылы негізде – 336813 адам немесе 70,6% білім алады.
Студенттердің жалпы санынан 370840 адам (77,7%), оқытудың күндізгі түрі бойынша оқиды, 71734 (15,0%), - сырттай, 34500 адам (7,2%) - кешкі түрі бойынша оқиды.

Мемлекеттік тілде оқитын студенттердің үлесі 63,2%-ды, орыс тілінде 33,2%-ды және ағылшын тілінде 3,6%-ды құрады.

Республиканың ЖОО-да 86-дан астам ұлт өкілдері оқиды. Олардың ішінде қазақтардың үлес салмағы 85,9%, орыстар – 7,0%, өзбектер - 2,0%, татарлар және украиндар – 1,1%, өзге ұлттар – 4,0% құрады.

2016/2017 оқу жылында оқыту және даярлауға 147692 студент қабылданды, бұл алдыңғы оқу жылына қарағанда 32497 адамға көбейді.

Бітірген білікті мамандар 138004 адамды құрады, бұл 2015/2016 оқу жылымен салыстырғанда 6,2%-ға (147184) төмен.

ҚР Статистика комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, штаттағы профессорлық-оқытушылық құрамның саны 38241 адамды құрайды. Оның ішінде қоса атқарушылық қызмет бойынша 5471 оқытушы жұмыс істейді.

Жалпы профессорлық-педагогикалық қызметкерлер құрамынан 9,1% – ғылым докторы, 36,7% – ғылым кандидаты, профессор дәрежесі 6,3% – және 16,5%– доцент атағы бар. Магистр академиялық дәрежесі бар оқытушылардың саны – 11135 адам немесе 29,1%, философия докторы (PhD) және бейін бойынша доктор – 1737 адам немесе 4,5%.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер