Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігі хабарлады. Ұшақ бөліктері Сочи жағалауынан 1,5 км қашықтықта 50-70 метр тереңдікте табылған. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Сочиден Латакияға бет алған Ту-154 әскери ұшағы радардан жоғалып кеткен. Бортында 92 жолаушысы бар ұшақта Хмеймим аэродромына жаңажылдық концерт қоюға бара жатқан музыкалық ансамбль мүшелері болған. Сондай-ақ бортта 9 БАҚ өкілі бар деген болжам бар.

Олардың ішінде «Первый канал» журналистері болғаны расталды. 

Ту-154 ұшағындағы жолаушылар Сириядағы әскерилерді Жаңа жылмен құттықтау үшін ұшып шыққан.

Қара теңіздің жағалауынан 1,5 км қашықтықта лайнердің фрагменттері, шассиі және жолаушылардың жеке заттары табылған. 

Қазіргі уақытта оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ресей тергеу комитеті оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер