Британияның Financial Times іскерлік газетінің нұсқасы бойынша АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп «жыл адамы» атанды. 

 

Атақты миллиардер өз елінің саясатының ережелерін қайта жазып шықты, деп хабарлайды Baq.kz.

 

Financial Times пікірінше, республикалықтар мен демократтардың дені Дональд Трамптың президенттіке сайланатынын еш күтпеген. ««Италия Сильвио Берлусконидің құрығына іліге жаздады. Ұлыбритания Brexit-ті таңдауы мүмкін еді. Бірақ телевизиялық реалити-шоудың жұлдызына айналған Трампты Америка халқы ешқашан таңдамас еді.Тіпті сайлауға санаулы күндер қалған кезде Трамптың жеңіске жету мүмкіндігі өте төмен болатын. Алайда сайлау күні Трамптың айы оңынан туды», - деп жазады басылым.

 

Financial Times Дональд Трампты «жыл адамына» теңеген алғашқы басылым емес. Мұның алдында америкалық Time журналы да белгілі магнатты «жыл адамы» деп таңдаған еді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер