Дубай әлемді тағы да таңғалдырды. Араб әмірлігінің флористері әлемдегі ең үлкен гүлзар жасап, Гиннес Рекордтар кітабына кірді. Emirates компаниясының А380 лайнері түрінде жасалған гүлзарға 500 мың өсімдік отырғызылған екен.

 

Гүлзарды ұшақ түрінде жасау үшін мамандар жарты жылын сарп етіп, 50 тонна бетон мен 30 тонна болат жұмсаған. Флористер оған гүлдің сан түрін отырғызған, енді жақсы күтімнің арқасында таяу уақытта ұшақтың үстінде 5 миллионнан астам гүл жайқалып тұрмақ. Көздің жауын алатын ерекше құрылғы Дубайдың таңғажайыптар бағында орналасқан. Ботаникалық ұшақтың ұзындығы 73 метр, ал биіктігі 20 метрге жуық.

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер