Әзербайжанда Интернетте ел президентінің ар-намысы мен абыройын түсіруге немесе қорлауға талпынған азаматтарға қылмыстық жауапкершілік енгізілді.

 

Әзербайжан басшысы осындай шешім қабылдады, деп Қазақпарат Vesti.az сайтына сілтеме жасап.

 

Парламентке ұсынысты бас прокурор Закир Гаралов жасады. Бұған дейін әзербайжан заңнамасында президентті бұқаралық ақпарат құралдарында балағаттағаны үшін жаза қарастырылған болатын. Ендігіде заңның бабына «ақпараттық интернет-ресурстар» термині де енгізілді. Заңды бұзғандар 500-1000 манат (99-193 мың теңге) көлемінде айыппұл төлейді немесе екі жылға түзету жұмыстарына жегіледі. Болмаса екі жылға бас бостандығынан айырылады.

 

Ал «интернеттің ақпараттық ресурстарында» жалған профильдер мен аккаунттарды пайдалана отырып, ел президентінің атына балағат жазатындарды бұдан да қатаң жаза күтіп тұр. Оларға 1000-1500 манат (193-303 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе үш жылға бас бостандықтарынан айырылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер