«Ұлы дала елі» брендіне лайық тауарлар іріктелуде. Мұндай байқауды «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып отыр  . Ол енді жыл сайын үздік тауар өндірушілер мен қызмет ұсынушы компанияларға табысталатын болады.

 

Жеңісбек ДУЛАТОВ, «АТАМЕКЕН» ҰКП ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 «Ұлы дала елі» белгісін алу үшін олардың кем дегенде 50 пайызы отандық шикізат болуы керек. Кейін экспорт үлесі 30 пайыз болуы керек. Жәрдем беріп, біз сол өнімдерді шетелге сатуға тырысамыз.

 

Сондай-ақ, жиын аясында «Қазақстанның үздік тауары» форумы өтті. Олар бизнесті қолдау және отандық өнімді экспортқа шығару мәселелерін талқылады. Ал үздік тауар өндірушілер көрмесінде аймақтық байқау жеңімпазы атанған 145 компания өздері шығаратын өнімдермен таныстырды. Бұл жолы тауардың сапасын байқап көріп, байланыс орнатамын деушілер аз болмады. Байқау барысында іріктелген компаниялар 4 жыл бойы үздік тауар белгісін қолдану мүмкіндігіне ие болады. «Бұл – отандық бизнесті қолдаудың бірден-бір жолы», - дейді ұйымдастырушылар. Үздік компаниялар «Алтын сапа» сыйлығын табыстау кезінде марапатталмақ. Салтанатты жиын 6 желтоқсанда Астанада өтпек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер