Сан-Францискода (АҚШ) Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика алқасының мүшесі (министрі)  Татьяна Валовая бизнес үшін Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нарығын ашатын қосымша мүмкіндіктерге америкалық әріптестердің назарын аударды, деп жазады ҚазАқпарат.

 

Бұл  инновацияны енгізу және халықаралық экономикалық байланыстарды нығайту мәселелеріне арналған Америкалық-Ресейлік іскерлік кеңесінің отырысы барысында орын алды, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.

 

«Америкалық бизнес еуразиялық интеграция артықшылықтарын барынша пайдалануы тиіс, - деп мәлімдеді Татьяна Валовая.

- Арамыздағы экономикалық ынтымақтастықты қағидатты жаңа деңгейге шығару үшін барлық алғышарттар бар. Бұл әсіресе соңғы уақытта көрініс тапқан тауар айналымының теріс серпіні аясында маңызды.

 

ЕЭК министрі оған мемлекеттердің ресми және іскерлік ортасы мен әлемнің экономикалық интеграциялық бірлестіктерінің қызығушылығы артып отырғандығын атап өтіп, Одақтың халықаралық қызметі жайлы айтты. Татьяна Валовая ұлтүсті құзыретке берілген экономиканың негізгі салаларында 2025 жылға дейін ЕАЭО-да интеграцияны тереңдету перспективалары туралы америкалық іскерлік орта өкілдерін хабардар етті.

 

 

Сурет: inform.kz

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер